«Балжібек» бөбекжай— балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан қаласы «Балжібек» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы ,Түркістан қаласы, М.Сұлтанов көшесі №147 ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 87078135363 Электрон поштасы: balzhibek.balabaqsha@mail.ru Web сайт. https://balzhibek-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Айдарова Индира Мұратқызы Түркістан қаласы білім бөлім басшысының 2019 жылғы №1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден 2019 ж өткен. БСН 190140014043 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мемлекеттік лицензия 06.05.2019 жыл №01111570DX № KZ89RVK00020031 хабарлама берілген. 22.04.2019 ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2019 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 4 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі, орыс тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: Ӏ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ 25-30 минут, 4 жас — ересек топ 20-25 минут, 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 100 балаға арналған. 10.04.2019 жылы № X.15X.KZ24VWF00003509 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша туралы.
ЖШС «Балжібек» балабақша – 05.01.2020 жылы ашылған. Балабақша қуаттылығы 100 орынды. Қазіргі таңда 100 баламен, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшелігіне қарай топтастырылған. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілінде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші бөлмесі, әдіскер бөлмесі, логопед бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуатын бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Бақша ауласында ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен жабдықталған. Бала – біздің болашағымыз. Балабақша меңгерушісі Айдарова Индира Мұратқызы басшылығымен ұжым мүшелері бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда. Оқу-тәрбие жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 саласы бойынша ұйымдастырылады. Олар: денсаулық, әлеуметтік, танымдық, қатынас, шығармашылық бағыттарын қамтиды.