БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан қаласы  «Балжібек» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы ,Түркістан қаласы, М.Сұлтанов  көшесі №147 ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: 87078135363
Электрон поштасы: balzhibek.balabaqsha@mail.ru
Web сайт. https://balzhibek-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіАйдарова Индира Мұратқызы Түркістан қаласы білім  бөлім басшысының  2019 жылғы   №1   бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден 2019 ж өткен. БСН 190140014043
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия 06.05.2019 жыл №01111570DX      № KZ89RVK00020031 хабарлама берілген. 22.04.2019 ж
7Құрылған жылы   2019 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны4 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі, орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  Ӏ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ   25-30 минут, 4 жас — ересек топ  20-25 минут, 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут  
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 100 балаға арналған. 10.04.2019 жылы №  X.15X.KZ24VWF00003509 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша туралы.

     ЖШС «Балжібек» балабақша – 05.01.2020 жылы ашылған. Балабақша қуаттылығы 100 орынды. Қазіргі таңда 100 баламен, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшелігіне қарай топтастырылған. Балабақша  5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілінде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші бөлмесі, әдіскер бөлмесі, логопед бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуатын бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған. 

    Бақша ауласында ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен жабдықталған. Бала – біздің болашағымыз. Балабақша меңгерушісі  Айдарова Индира Мұратқызы басшылығымен ұжым мүшелері бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда. Оқу-тәрбие жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 саласы бойынша ұйымдастырылады. Олар: денсаулық, әлеуметтік, танымдық, қатынас, шығармашылық бағыттарын қамтиды.